06-11-19 | 13:12
Балаға дөрекілік танытқан стоматолог қамауға алынды.
Балаға дөрекілік танытқан стоматолог қамауға алынды

Ақтауда сал ауруына шалдыққан балаға дөрекілік танытып, жұмыстан қуылған тіс дәрігері қамауға алынды. Экспоертизаның нәтижесі бойынша баланың денсаулығына жеңіл зақым келген деп мәлімдеді Ақтау әкімшілік сотының судъясы Алтай Көнісов.

Стоматолог Төлеген Мұхамбетов кеше, 5 қарашада үш тәулікке қамауға алынып, медициналық экспертиза қорытындысы көрсеткендей баланың денсаулығына жеңіл зақым келген.

– Дәрігер өз кінәсін мойындап отыр, бірақ сот оның әрекеттеріндегі ауыр жағдайларды ескерді. Баланың мүгедек екенін біле тұра осындай әрекеттерге барған. ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 73-1 бабы бойынша үш тәулікке қамауға алу жазасы кесілді, – дейді судъя Алтай Көнісов.

Еске салсақ, Ақтаулық стоматолог-дәрігер Төлеген Тұхамбетовың  сал ауруына шалдыққан балаға дөрекілік танытқаны видеоға түсіп қалған. Ол өзінің кінәсін мойындап, жұмыстан кететіндігін мәлімдеген. Дәрігер заңға сәйекес жұмыстан шығарылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.