Банктер ауылшаруашылығы саласын несиелендіруді 48,3% – ға қысқартты.
Банктер ауылшаруашылығы саласын несиелендіруді 48,3% – ға қысқартты

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңында екінші деңгейдегі банктердің ауыл, орман және балық шаруашылығына берген несиелерінің сомасы бір жыл ішінде 48,3% – ға қысқарып, 255,1 млрд теңгені құрады, деп жазады ranking сарапшылары.

ranking.kz сайтының жазуынша бұл банк секторы тарапынан салаға деген сенімнің төмендігін көрсетеді екен. Сонымен қатар, негізінен банктер ірі бизнеске несие береді. Заңды тұлғаларға берілген қарыздардың мөлшері жалпы несие үлесінің 93,7% құрайды. Қаржыландыруды азайтуға тағы бір себеп – агроөнеркәсіптік субъектілерінің көпшілігі үшін кепіл базасына талаптар тым қатаң болғандықтан орындалуы мүмкін емес деуге болады. Дейтұрғанмен ағымдағы жылдың басымен салыстырғанда берілген кредиттер 12,1% – ға артты.

ҚР Агроөнеркәсіптік кешені ел экономикасында маңызды рөл атқарады. АӨК-ні дамыту Қазақстанның тұрақты дамуына ықпал етеді, сондай-ақ еңбек өнімділігінің өсуіне және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруды қамтамасыз етуге ерекше әсер етеді.

2018 жылы Қазақстан экономикасының нақты өсу қарқыны 4,1% – ды құраса, тұрақты оң динамиканы көрсеткен салалар арасында ауыл шаруашылығы (+3,5%) және азық-түлік өндірісі (+1,6%) бар.

Жалпы 2018 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 4,5 трлн теңге, бұл ЖІӨ-нің 7,2% – ын құрайды. Соңғы бес жылда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі жылына 3,3% – ға артып отыр. 2019 жылдың он айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 4,5 трлн теңге, ал бір жыл бұрын шығарылған өнім көлемі 3,8 трлн теңгені құрады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.