arasha.kz

104 оқушыдан коронавирус анықталды

Елімізде сабақ басталғаннан бері 104 оқушыдан коронавирус анықталды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында осылай деп мәлімдеді.
– Өкінішке орай, оқу жылы басталғаннан бері оқушылар арасында инфекцияның 104 жағдайы тіркелді. Оның 33-і кезекші сыныптың оқушылары. Олар өз кезегінде 550 адаммен байланыста болып, оның жетеуіне коронавирус жұқтырған. Сонымен бірге қашықтықтан білім алып жатқандардың арасында да 71 жағдай анықталды, – деді министр.
Цойдың пайымдауынша, балалар әдеттегідей мектепке барып оқығанда бұл көрсеткіш 1500-ге дейін көбейіп, коронавирусты оқушылар ғана емес ұстаздар мен отбасы мүшелері де жұқтырар еді. Сондықтан министр әкімдерді санитарлық-дезинфекция, маска режимі, білім беру ұйымдарындағы сыныптар арасындағы әлеуметтік арақашықтықты сақтау талаптарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуге шақырды.

Exit mobile version