22-01-19 |
1740 рет қаралған
2018 жылы Астанада «Инстаграммда» алаяқтықтың 125 оқиғасы тіркелді.
2018 жылы Астанада «Инстаграммда» алаяқтықтың 125 оқиғасы тіркелді

Елордалық прокурорлар интернет -алаяқтықтың негізгі тәсілдері туралы айтты, деп  Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап arasha.kz  хабарлайды 

Қазіргі заманғы технологияларды, интернетті, әлеуметтік желілер дамыған сайын ақша қаражатын жаңа тәсілдермен иелену мақсатында жасалатын алаяқтықтың өсуіне алып келгенін жазған прокуратура:

«Бұрын күнделікті өмірде пайдаланылатын алаяқтықтың кейбір түрлері интернетке бейімделді.

Тек 2018 жылдың өзінде елордалық құқық қорғау органдарына алаяқтық фактісі бойынша 4263 азамат жүгінген.

Алдаудың ең көп таралған тәсілі – «OLX» және «Колеса» сайттарында нарықтық бағадан төмен бағамен тауарларды сату туралы хабарландыруларды орналастыру арқылы жасалған. Көп жағдайда жәбірленушілер алаяқтың шотына электрондық төлем құралдары арқылы ақша аударған (транзакция жолымен).

Алаяқтықтың бұл тәсілі жиі қолданылады, өйткені жеке басын сәйкестендірмей, қолма-қол ақшаны иемденуге мүмкіндік беретін төлем жүйесі болып табылады.

Алаяқтық әрекет жасаған қылмыскерлер жәбірленушілермен жеке сөйлеспейді, тек әлеуметтік желілер немесе телефон арқылы байланысқа шығады. Сатып алуды талқылау кезінде қылмыскерлер жалған құжаттарды, мекенжай анықтамаларын пайдаланады, бұдан алаяқтың жеке басын анықтау қиынға соғады.

Хат алмасу барысында сатып алушымен баға туралы келіседі және Qiwi-әмиян арқылы транзакцияны жүзеге асырады. Ақшаны аударғаннан кейін сатушы шотты алып тастайды және жасырынып кетеді.

Алаяқтықтың жеке санатының бірі – интернетте жеңіл табысқа уәде беретін аккаунттар арқылы жасалады.

2018 жылы Астанада «Инстаграмм» әлеуметтік желісінде алаяқтықтың 125 оқиғасы тіркелді.

Азаматтар тартымды хабарландырулар мен ұтыстарға беріліп, ақша қаражатын алаяқтарға аударған. Бұл жолы елордада 150-ден астам азамат алданды.

Жалған ұтыстарға байланысты алдау фактілері анықталды.

Осы схеманы іске асыру кезінде азаматтардың телефондарына «радио-жүргізушіден» қоңырау шалып, автомобильдердің ұтыстары туралы смс-хабарлама келіп түскен. Уәде етілгенді алу үшін алаяқтықтың құрбанына «жүлдені» алу үшін ақшалай қаражат аударуды, яғни сыйлыққа қаржы төлеу ұсынылады. Азаматтар көлікті күтпестен аударымдар жасаған.

Жоғарыдағы мысалдар қылмыскерлердің қолданатын тек жекелеген тәсілдері мен алаяқтықтың схемалары.

Осыған байланысты, Астана қаласының прокуратурасы азаматтарға аса мұқият болуды, Банктік карталар туралы құпия мәліметтерді жария етпеуді, байланыс деректері бар ресми сайттарда ғана сатып алуды жүргізуге шақырады» деп жазады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.