21-05-21 |
2810 рет қаралған
«Қазақстан» арнасы Мәсімовтың кітабы желісінде Байтұрсынов туралы кино түсірмекші.
«Қазақстан» арнасы Мәсімовтың кітабы желісінде Байтұрсынов туралы кино түсірмекші

«Қазақстан» ұлттық арнасының басқарма төрайымы Ләззат Таныс­бай қазақ еліне Ахмет Байтұрсыновты Кәрім Мәсімовтың көзімен таныстыратынын мәлімдеді.

Отандық сериал өндірісі туралы ұлттық арна басшысы «Айқын» газетіне сұхбат берді. Онда ел аумағында түсірілетін сериалдар туралы айтты.

«Ахмет. Ұлт ұстазы» те­лехикаясын Кәрім Мәсімовтың 2011 жылы осы атаумен шыққан кітабының желісінде түсірмекпіз. Сериал түсірілімін жоспарлағанда Ахмет Байтұрсынұлының өміріне арналған зерттеу еңбектерін іздестірдік. Сүйенуге болатын, та­қырыпқа сай жалғыз биогра­фиялық еңбек осы болып шықты. Басына қандай іс түссе де, еш­қашан әділет пен ар жолынан таймаған ұлы тұлғаның қайсар­лығын көрсету аса жауапкершілікті талап етеді. Басты рөлді сомдайтын актер рөліне онлайн кастинг жарияланды. Қазір келіп түскен өтініштерді қарап жатырмыз. Режиссерлікке жас болса да, бір туындысымен-ақ өзін дәлелдеген Мұрат Есжанды бекіттік. Шы­ғармашылық топ құрамында ақын Ұларбек Нұрғалым, Алаш мұрасын зерттеп жүрген жас ғалым Ұшқын Сайдырахман бар. Ал Мұқағали Мақатаевты таңдап отырған себе­біміз биыл ақынның туғанына 90 жыл толды. Жырлары танымал, алайда ғұмырының құпияға толы, жұмбақ болып қалған тұсы көп. Бұл жобаны осы саладағы тәжіри­белі маман, актер ретінде де таны­мал Азамат Сатыбалдыға сеніп тапсырып отырмыз. Басты рөлді Азаматтың өзі сомдайды. Режис­сері – «Полигон» сериалының авторы Ахат Ибраев», – деді Ләззат Таныс­бай­.

Сонымен қатар, арна басшысы қазақ әйелдерінің, қазақ аналарының қайраткерлік қырын көрсететін «Домалақ ана» сериалы түсірілетіні туралы айтқан.

«Өткен жылғы «Әл-Фараби» сериалында бірлесе жұмыс атқарған Нұриддин Паттеев жоба жетекшілігіне бе­кітілді. Режиссері – Батырхан Дәуренбеков. Домалақ ана бәрі­міздің ойымызда көркем об­разды бейне ретінде ғана қалыптасқан. Бүгінге дейін аңыз, абыз ананың өмірін шынайы оқиғалар арқылы көрсететін бірде-бір фильм не сериал түсірілмей келеді.

Жалпы, тарих бетінде таң­баланған деректердің көпшілікке, оның ішінде жастарға беймәлім, ашылмаған тұстары көп. Бұл – өткен ғасырларда өмір сүрген қа­зақ зиялыларының бәріне тән десек болады. Жоғарыда аталған тұлғаларды таңдау себебіміз де – осы»,-деді Танысбай.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.