arasha.kz

4 партия Бабановты премьер-министр қызметіне ұсынды

Қырғызстанның төрт партиясы Өмірбек Бабановты премьер-министр қызметіне ұсынды. Осыған байланысты «Республика», «Ата Мекен», «Бир Бол» және «Реформа» партиялары «Ақырғы үміт» деп аталатын меморандумға қол қойды.
«Біз елдегі тұрақсыздықты көріп отырмыз, не болып жатқаны белгісіз. Сондықтан ресми түрде біріктік. Меморандумға партияның көшбасшылары қол қойды», – деді Тілек Токтогазиев.
Өмірбек Бабанов 2017 жылғы сайлауда екінші орын алған еді. Осыдан кейін саясаттан кететінін айтып біраз уақытқа елден кеткен болатын. Бұған қоса, Бабановтың үстінен билікті күшпен тартып алуға әрекет жасады және елді жаппай тәртіпсіздікке шақырды деген желеумен екі қылмыстық іс қозғалды. 2020 жылдың 9 тамызында ол Қырғызстанға оралды.

Exit mobile version