arasha.kz

«7-20-25» бағдарламасында не өзгерді?

2019 жылдың алты жұмыс күнінде банктер «7-20-25» бағдарламасы бойынша 314 кредит беруге келісім берген, ол 3 млрд теңгені құрайды. Сонымен қатар 47 %, 1.4 млрд теңгеден аса кредитті «7-20-25» және «Баспана Хит»  бағдарламалары бойынша Сбербанк қамтамасыз еткен. Бұл туралы жазған «Крыша» сайты берген мәліметтер бойынша, жалпы елде аталған мемлекеттік бағдарлама іске қосылғаннан бері 4 300 сомма займы мақұлданған, ол 51.5 млрд теңгеден артық.

Бағдарлама бойынша үй алуға ниеттірел саны ең көп Астана қаласында екен (36 %, немесе 1 533 өтініш), екінші орында Алматы (23 %, немесе 998 өтініш), үшінші орында Маңғыстау мен Шығыс Қазақстан тұр (6 %, немесе 254 және 252 өтініш).

Ақмола облысында 5 % (228 кредит). Ақтөбеліктер 5 % (194 өтініш берген). Қазақстанның қалған аймақтарында баспана бағдарламасына өтініш бергендердің саны шамамен 3 %.

Алайда Түркістан облысында «7-20-25» бағдарламасымен бір де бір пәтер сатылмаған.

«Баспана Хит» ипотекалық бағдарламасына келер болсақ, жыл басынан бері 184 өтініш (1.5 млрд теңге) мақұлданған. Аталған бағдарлама бойынша сатылған пәтерлердің саны 1 076, ал олардың құны 9 млрд теңгеден артқан.

Exit mobile version