arasha.kz

70 пайызы бұрынғыша көмірге тәуелді: Тоқаев газ энергетикасын дамытуды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның әлемде ең көп энергия пайдаланатын ел екенін атады. Елдегі өнеркәсіптің 50 пайызын өндіруші сектор құрайды. Электр энергиясын өндірудің шамамен 70 пайызы әлі де бұрынғыша көмірге тәуелді.

Қазақстан Президенті Өндіруші салалардағы мәселелер жөніндегі жаһандық дөңгелек үстел отырысында бейне үндеу жасады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның орнықты дамуында өндіруші өнеркәсіптің экологиялық талаптарға сай болуын басты міндет және зор басымдық деп атап өтті.

Президенттің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанды 2050 жылға дейін көміртегін аз пайдаланып, дамыту тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.

– Көмір жағу салдарынан туындайтын энергетикалық теңгерімге тәуелділікті азайту үшін газ және су энергетикасын дамыту, жаңартылатын қуат көздерін пайдалану сияқты негізгі басымдықтарды шешуге бағытталған электр энергетикасын дамыту жөніндегі Ұлттық жоба әзірленеді. Бұдан бөлек алдағы бес жыл ішінде Қазақстанда 2 миллиардқа дейін ағаш отырғызылады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Exit mobile version