Қазақстандық шаңғышы Алексей Полтораниннің ұсталуына байланысты Қазақстан шаңғы спорты түрлері федерациясы, егер оның допинг қолданғаны расталса, федерация бұл туралы ресми мәлімет жариялайды, – деп жазыпты Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайты.
Біз кез келген әділетсіз қадамдарға қарсымыз деп мәлімдеген федерация:
– Полтораниннің допингке қарсы ережелерді бұзғаны толығымен дәлелденбейінше және федерация WADA, ХОК, FIS секілді ұйымдардың Алексейге ресми түрде айып таққанына көз жеткізбейінше, біз спортшымызды қорғайтын боламыз, – деді Шаңғы спорты түрлері Ұлттық федерациясының баспасөз хатшысы Самал Наурызова.
Еске салсақ, 27 ақпанда Австрияның Зеефельд қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты кезінде Қазақстандық спортшы Алексей Полторанин допингке қатысты ұсталған еді.