Алматыда эпидемиологтарға арналған қорғаныс құралдарының орнына құрылысшыларға арналған киімдер сатып алынған. Медициналық деп шатасып алынып, қоймада шаң басып тұрған киімдер үшін бюджеттің 90 миллион теңге жұмсалған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанындағы арнайы мониторингтік топ Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің өтініші бойынша қоймада бір жылға жуық сақталған жеке қорғаныс құралдарының жағдайын қарап, жаға ұстарлық жағдайға тап болды.
Қоймада түсірілген видеоны Facebook-те Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанындағы арнайы мониторингтік топ төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов жариялады. Ол қоймаға сапардан әлеуметтік желі арқылы тікелей эфир жүргізді.
Айтылған мәліметтерге сүйенсек, қоймадаға тауарлар 2020 жылдың маусым айында республикалық бюджеттен ақшаға сатып алынған. Құны 90 млн теңгеге 12 мыңға жуық костюм әкелінген. Бір жиынтық 7500 теңге тұрады. Қазір қоймада 7028 дана қалды.
Тауарды қазіргі Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова қабылдап алған.
Бекшин костюмдерді тексеріп, олардың талаптарға сай келмейтінін ешқандай экспертизасыз көзбен көруге болатынын көрсетті. Қорғаныс киімдері деп алынған құралдар оңай су өткізеді.
Қоймада медициналық емес, құрылысшыларға арналған жеке қорғаныс киімдері сақталғаны белгілі болды. Олар шаң мен бояудан қорғайды, алайда су өткізеді, сондықтан эпидемиологтардың қолдануына жарамсыз.
«Мұны қарапайым түрде ешқандай зертханасыз тексеруге болады. Егер су өтсе, онда вирус та өтеді. Мен мұндай киімдермен эпидемиологтарымды ауру ошағына жібере алмаймын. Құжаттарға қарасаңыз да сәйкес келмейді», – деді Жандарбек Бекшин.
Сондай-ақ, бас санитар дәрігер қоймада денсаулық сақтау министрлігінің талаптарына сәйкес келмейтін көзілдіріктер, маскалар да бар екенін айтты.
«Біз сотқа бердік. Бір инстанция өтті, соттар тез қарап, негізсіз қабылдамай жатыр», – деді Жандарбек Бекшин.
Оның айтуынша, бұл қалада жеке қорғаныс құралдары жетіспейтінін білдіреді. Қоймадағы қор екі айға да жетпейді. Қазір жеке қорғаныс құралдарының бөліктерін басқа аймақтардан сатып алуға тура келеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанындағы арнайы мониторингтік топ төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов жағдайға түсініктеме берді.
«Әсел Қалықова (санитар дәрігердің орынбасары) бұл жеке қорғаныс құралдары эпидемиологтар үшін жарамды деп санайды, ал басқа санитарлық дәрігерлер бұлай емес дейді. Түсініксіз.Біз оны анықтап ал, комитетті шақырайық дедік. Сараптама ешқандай сертификат жоқ екенін көрсетті. Көзілдірікке, костюмге және басқа маскаларға арналған жеке сертификаттар болуы керек. Мұның бәрі жоқ. Сондықтан сұрақтар туындайды», – деді ол.
Гасанов ведомство басшылығы сот шешіміне шағымданатынын мәлімдеді.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024