21-02-19 |
2870 рет қаралған
Ақтаудағы көп балалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүреді.
Ақтаудағы көп балалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүреді

Ақтауда ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап қоғамдық көліктерде көп балалы аналар тегін жүретін болады, деп мәлімдеді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.
«Сәуір айынан бастап Маңғыстау облысының аумағында тұрып жатқан көп балалы аналар қалалық қоғамдық көлікте және Ақтау-Мұнайлы ауданы бағыты бойынша жүретін ауданаралық көлікте тегін жүретін болады», – деді Е.Тоғжанов сәрсенбі күні халықпен есепті кездесуде.
Оның ақпарынша, тамыз айынан бастап Жаңаөзенде көп балалы аналар үшін қалаішілік көлікте тегін жүру енгізілетін болады.
«2020 жылдан бастап Маңғыстау және Бейнеу аудандарында көп балалы аналарға қоғамдық көліктерде тегін жүру ұсынылады», – деді әкім.

Дереккөз: kaztag.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.