29-01-21 |
1630 рет қаралған
Адамдармен дәмханада кездестім: Депутат Ерлан Саиров бір апта ішінде не тындырғанын айтып берді.
Адамдармен дәмханада кездестім: Депутат Ерлан Саиров бір апта ішінде не тындырғанын айтып берді

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров бір апта бойы атқарған жұмысын жариялады. Ол депутаттық сауалдың өзі сүзгіден өтетінін, қоғамдық қабылдау кезінде санитариялық талапты сақтау үшін дәмханада кездесу ұйымдастырғанын жазды, деп хабарлайды Arasha.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаттары үшін апта ішінде маңызды жиындар көп болды. Бірнеше заң жобасы талқыланып, кездесу де өтті. Депутат Ерлан Саиров әлеуметтік желідегі өз парақшасында көптің көкейінде жүрген сауалға жауап берді.

«Қоғамда Мәжіліс депутаттары күнделікті жағдайда қандай іспен айналысады деген сұрақ көкейде тұрады. Шыны керек, осы жерге келмей тұрып, бұл мәселе меніде қатты ойландыратын. Сондықтан осы шақырылымның депутаты ретінде, өзімнің жұмысымның бірінші жұмасы жөнінде өздеріңізді құлақтандырғанды жөн көрдім. Дүйсенбі күні депутаттық сауал жолдау жөнінде «Nur Otan» партиясының фракциясына коллегаларымызбен бірлесіп жасалған сауалдың жобасын өткіздім. Депутаттық сауал фракцияның елегінен өтеді екен.

Бұл дұрыс практика деп есептеймін. Өйткені фракция мүшелері сауалдың салмағы, өзектілігі, фактілердің шынайылығы жөнінде хабардар болуы тиіс. депутаттық сауал партияның беделіне тікелей әсері болғандықтан, бұл процедура өте қажет. Менің сауалым фракция елегінен өтті. Сондықтан, фракция мүшелері еліміздің барша мәселесіне құлағын түріп жүреді деген сөз. Қуантарлық жағдай», – деп жазды депутат.

Сонымен бірге Мәжілістің жалпы отырысы, заң жобасын талқылау, Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді ратификациялау туралы жұмыс тобына басқосты. Сәрсенбі күні дәстүрлі түрде Мәжілістің жалпы отырысы болды. Түрлі ресми кездесулермен қатар сайлаушыларды қабылдау міндет.

« Бейсенбі күні түске дейін депутат ретінде адамдарды қабылдадым. Бұл жерде мынандай ыңғайсыздық бар, бүгінде Мәжіліс ғимараты карантинде, адамдарды Парламенттен тыс жерлерде әңгімелесуге мәжбүрміз. Мен кафеде шай ішіп отырып, әңгімелескенді жөн деп таптым. Сондықтан бұл кездесулерді «депутатпен шай ішу» деп қарауға болады. Ол жерде біз өзіміз үшін қажетті көптеген ақпарат аламыз, қажет болғанда азаматтарға көмектесу үшін (заң аясында) мемлекет органдарына хат жазамыз», – деді Е.Саиров.

Депутат жұмыс кабинеті туралы да ақпарат берген. Ауданы 15 шаршы метр жерде жұмыс үстелімен қатар теледидар бар. Ерлан Саировтың айтуынша, бәрі қарапайым әрі ыңғайлы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.