19-03-19 |
1340 рет қаралған
Airbnb-ның иесі қонақты өлтіргені үшін 11 жылға түрмеге қамалды.
Airbnb-ның иесі қонақты өлтіргені үшін 11 жылға түрмеге қамалды

Австралиядағы Airbnb сайтының иесі қонақты өлтіргені үшін 11 жылға түрмеге қамалды.

2017 жылдың қазан айында 42 жастағы Джейсон Колтон Рамис Джонузиді өлтіргені үшін сотқа тартылған. Ол абайсызда болған өлімді мойындады, бірақ өлтіргенін жоққа шығарды.

Сотта айтылғандай, оның екі көршісі 36 жастағы жігітті ұстаған, ал Колтон 210 австралия доллар берешегін төлемегені үшін Рамис Джонузиді ұрып, қылқындырған.  Төбелестен бұрын ұста болып істейтін Рамис Джонузи заттарын жинастырып, Джейсон Колтоннан уақытша жалдап алған баспанасынан кетпекші болған.

Прокурор оның марқұмды есінен танғанша ұрғанын айтқан, алайда Колтонның өзі Джонузиді есінен тандырғысы келген, бірақ өлтіргісі келмегенін жеткізген.

Айта кетелік, Airbnb бүткіл әлем бойынша  баспаналарды жалға берушілер мен алушылардың хабарландыруларын жариялайтын  сайт.

Бастабында Колтонға кісі өлтірді деген айып тағылған, кейін оның өзі абайсызда болған өлім екенін мойындаған соң, прокуратура бұл айыпты алып тастаған. Сондықтан сегіз жылдан кейін Джейсон Колтонның шартты түрде бостандыққа шығуына үмкіндігі бар.

Джейсон Колтонның көршілері Крейг Леви жеті жылға, Райан Смарт тоғыз жылға бас бостандықтарынан айрылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.