13-03-19 |
2790 рет қаралған
Алматы облысының кейбір балабақшаларында ата-аналардан артық ақша жинап келген.

Алматы облысының кейбір балабақшаларында ата-аналардан артық ақша жинап келген деп хабарлайды arasha.kz Алматы облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
«Алматы облысының прокуратурасы балалардың бала-бақшадағы тәрбие алу мен оқуы үшін ата-аналардан артық ақша жинау фактілері анықтады.
Мысалы, Ақсу ауданында жергілікті атқарушы органның бала-бақшаның қызметі үшін төленетін қаражат соммасы 8,5 мың теңгеден аспауы керектігі бекітілгеніне қарамастан, ата-аналар 10 мың теңге төлеп отырған.
Аталған ауданда 300-ден аса бүлдіршіндер бала-бақшада тәлім-тәрбие алады.
Осындай заң бұзушылықтар Кербұлақ және Алакөл аудандарында да орын алған және артық төленген қаражат соммасы 5 және 2 мың теңгені құраған.
Осы бағытта тексеріс жалғасуда» -деп хабарлайды Алматы облыстық прокуратурасы.
Соңғы мақалалар.
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025
МІНБЕР.
ӨЗГЕ ДЕ МАҚАЛАЛАР.