Бұл жайында Германияда өткен «AERO Friedrichshafen» жалпы мақсаттағы авиацияның 30-шы көрмесінде белгілі болды.
Flight Design Бас директоры Даниэль Гюнтердің айтуынша, ұшақтар шығару жобасы Алматы қаласындағы АЭА аумағында «Вираж» компаниялар тобымен бірге іске асырылатын болады. Бұл үшін Тараптар «Flight Design Kazakhstan» бірлескен кәсіпорнын құрады. Ұшақтар жергілікті және шетелдік нарықтарда сатылатын болады.
Өз кезегінде KAZAKH INVEST-тің Германиядағы ресми өкілі Сәкен Олжабаев конференция қатысушыларына инвесторлардың құқықтарын қорғау құралдары, преференциялар және Қазақстандағы шетелдік компанияларды қолдаудың басқа да шаралары туралы ақпарат берді.
Flight Design 25 жылдан астам тәжірибесі бар ультра жеңіл ұшақтар өндірісінің көшбасшысы. Компанияның экспортқа бағдарланған өнімдері уәкілетті дилерлердің халықаралық желісі шеңберінде сатылады. Бүгінгі таңда компанияның ұшақтары әлемнің 40-тан астам елінде ұшады.
-
04.10.2024
-
04.10.2024
-
04.10.2024
-
04.10.2024
-
04.10.2024
-
04.10.2024
-
04.10.2024
-
04.10.2024
-
04.10.2024