20 маусым күні Алматыда медиа өкілдері, wellness-сарапшылары мен өнер қайраткерлеріне арналған ашық кездесу өтті. Іс-шара Дүниежүзілік мұхит күніне орай ұйымдастырылды. Шараны экологиялық ағартушылық пен салауатты өмір салтын насихаттау бастамаларын үнемі қолдап келе жатқан Coral Club компаниясы өткізді.
Кездесу бейресми жағдайда өтіп, қатысушылар суды ұқыпты пайдалану, су ресурстарының адам денсаулығындағы рөлі және экологиялық жауапкершіліктің өзекті мәселелері туралы ой бөлісті. Дүниежүзілік мұхит күні – табиғат пен су ресурстарын қорғаудың маңыздылығын еске салатын ерекше күн, өйткені олардың жай-күйі адам өмірінің сапасымен тікелей байланысты.
Бағдарламаның негізгі бөлігі – дәрігер, wellness-сарапшы Әсем Садықованың гидратацияның денсаулықты сақтаудағы рөлі туралы дәрісі болды. Қатысушылар гидратацияның адам ағзасына әсері жөнінде тың ақпарат алып, су ішу мәдениеті мен экологиялық сана қоғамда қалай қалыптасып жатқанын талқылап, кәсіби тәжірибе алмасты.
Қонақтардың қатарында театр және кино актрисалары Гүлбахрам Байбосынова, Жанель Серғазина, Айдана Сахари, Eurasian Fashion Week жобасының негізін қалаушы Ирина Байжанова, сондай-ақ Marie Claire Kazakhstan, ELLE Kazakhstan, Vintage Kazakhstan және басқа да жетекші қазақстандық БАҚ-тың редакторлары мен журналистері болды.
Мұндай кездесулер медиа, мәдениет, wellness және бизнес салаларының өкілдерін экологиялық жауапкершілік тақырыбы төңірегінде біріктіретін маңызды алаңға айналуда. Урбанизация мен экологиялық сын-қатерлер артып отырған қазіргі заманда әр адамның күнделікті дағдылары мен саналы өмір салты қоршаған ортаның жалпы жағдайына елеулі әсер ете алады.