08-02-25 |
920 рет қаралған
Алтын-Емел ұлттық паркінде жабайы аң санағы өтті.
Алтын-Емел ұлттық паркінде жабайы аң санағы өтті

Жыл сайынғы қысқы санаққа Жетісу облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, «Охотзоопром» РМҚК, Зоология институты, Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы ұйымының өкілдері қатысты. Аталмыш жұмыстар ашық, желсіз күні жиырма есепшіден тұратын жеті топпен жүргізілді.

Екі күндік жұмыстың нәтижесінде ұлттық парк аумағында 5,5 мыңға жуық қарақұйрық және 190-ға жуық арқар мекен ететіні анықталды. Ал, Алтын-Емелдегі құландар саны 3,6 басты құрады. Айта кету керек, бұл Қазақстандағы ең көп құлан популяциясы. Тұяқтылар санының тұрақты өсуі жануарларды басқа тарихи мекендеу орындарына қайта жіберуге мүмкіндік береді.

Мәселен, былтыр 87 бас жануар «Алтын дала», «Іле-Балқаш» резерваттарына және «Созақ» орманшылығына аттандырылды.

Естеріңізге сала кетейік, іс – шараның негізгі мақсаты-еліміздің Қызыл кітабына енгізілген арқар, құлан және қарақұйрық популяциясын түгендеу.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.