arasha.kz

Алтын маска коронавирустан қорғай алмады

Үндістанда 4 мың долларға алтыннан маска жасатқан азамат қайтыс болды. Елдің Пимпри-Чинчвад провинциясында тұратын Шанкар Кураде алтын бұйымдарға ерекше әуес болатын. 49 жастағы кәсіпкер ең қымбат металдан жасалған 1 келіден астам әшекей тағатын. Коронавирус індеті басталғаннан кейін қорғаныс маскасын да алтыннан жасатты. «Салмағы 60 грамм болатын маскада тыныс алатын тесіктер бар. Бірақ мұның коронавирустан қорғайтынына сенімім аз. Сондықтан сақтықтың басқа шараларына мән беремін»,-дейтін марқұм.

Exit mobile version