Біз
әлеуметтік
желіде
20-06-25 |
160 рет қаралған
33 млрд теңге дивидендті «Алтыналмас» кімдерге төледі?.
33 млрд теңге дивидендті «Алтыналмас» кімдерге төледі?

2024 жылы «Алтыналмас» АҚ акционерлеріне 33 миллиард теңгеден астам дивиденд төлеп, бір қарапайым акцияға 7 921 теңге берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл биылғы жылы қазақстандық тау-кен компаниялары арасындағы ең ірі жекеменшік табыс бөлу оқиғасы. Алайда «алтын ағынының» ар жағында офшорлық схемалар, қылмыстық істер мен Forbes тізіміндегі кәсіпкерлер — соның ішінде Владимир Джуманбаев тұр. Сонымен, Қазақстан алтынының шынайы иелері кім?

«Алтыналмас» кімге тиесілі?

Компанияның екі ірі акционері бар:

  • Gouden Reserves B.V. (Нидерланды) – 67,5%
  • Владимир Джуманбаев – 32,5%

2017 жылы Тимур Құлыбаев «Алтыналмас» АҚ-ның 100% акциясын 17,4 млрд теңгеге сатқан.

Gouden Reserves — Амстердам мен Сингапурда бөлімшелері бар халықаралық холдинг. Оның түпкілікті бенефициары ретінде Анна Березина аталады. Ол — Нидерланды азаматшасы, бірақ Ресейлік төлқұжаты және Ижевск қаласында тіркеуі бар. Оның анасы Елена ЯкубовскаяЭдуард Огай мен Владимир Кимнің серіктесі. Осылайша, Березина Қазақстанның ірі бизнес-топтарының мүддесін қорғайтын номиналды меншік иесі болуы мүмкін.

«Алтыналмас» «Майқайың алтынды» сатып алды

2024 жылдың сәуірінде «Алтыналмас» «Майқайың алтын» АҚ-ның 100% акциясын сатып алғанын жариялады. Бұл компанияның жалғыз акционері Rense Enterprises Limited (Кипр) болған. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, оның артында Сербия азаматы Милан Попович тұрған. Компания Павлодар облысында алтын өндірумен айналысады.

Джуманбаев пен Қырғызстандағы қылмыстық іс

Владимир Джуманбаев — «Алтыналмастың» екінші акционері. Ол сондай-ақ:

  • «Қаражыра» АҚ-ның 20%
  • «Горнорудная компания Бенкала» АҚ-ның 30%
  • «Ronson-2000» ЖШС және «Vertex Holding» ЖШС үлестеріне ие.

2024 жылы ол Қырғызстанда Камчы Көлбаев бастаған ұйымдасқан қылмыстық топпен байланысы үшін Халықаралық іздеуге жарияланды. Кейінірек іс түсініксіз жағдайда жабылды.

Несие, офшор және миллиардтар

«Алтыналмас» ЕО арқылы ресейлік ВТБ құрылымдарына 1,1 млрд еуро қарыз. Бұл — компанияға арзан қаржы тартуға, қаражатты шетелге шығаруға және ішкі бақылаудан жалтаруға мүмкіндік береді. Компания құрамында ондаған еншілес ұйымдар бар — «Қазақалтын», «Асыл Ресорсес», Степногорскідегі қонақ үй мен технологиялық стартаптар.

Неліктен бұл маңызды?

Мемлекет алтын саласындағы ірі активтерді бақыламайды. Офшорлар, номиналды меншік иелері мен қылмыстық істер пайданың шетелге шығуына және қоғамның ашықтық пен әділетке қол жеткізе алмауына алып келуде. «Алтыналмас» — ұлттық байлықтың көлеңкелі схема арқылы сыртқа кеткенінің көрінісі.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.