29-03-18 |
6420 рет қаралған
Арыстанбек Мұхамедиұлы жезөкшелерге жұмыс тауып бере ме?.
Арыстанбек Мұхамедиұлы жезөкшелерге жұмыс тауып бере ме?

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жеңіл жүрісті қыздарды қамшымен сабаған белгілі рэпер Жан Ахмадиевтің бейнежазбасына қатысты түсініктеме берді, – деп sputniknews.kz-ке сілтеме жасап, ult.kz порталы хабарлайды.

«Егер біз барлық жағдайды жасағанда, ол қыздар көшеде тұрмайтын еді. Біз, керісінше, олардың өз мамандықтарымен айналысуына көмектесуіміз керек. Мұндай жағдайдың көпшілікке тарағаны өкінішті-ақ әрине. Мүмкін ол (рэпер – автор ескерп.) өзінің атын шығарғысы келген шығар. Оның орнына сол қыздарға жақсы жұмыс тауып берсін, жағдай жасасын», — деп кеңес берді министр «Жас Отан» жастар қанатының IV съезінен кейін.

Мұхамедиұлы рэперді жазалау-жазаламау құқық қорғау органдарының құзыретіндегі мәселе екенін атап өтті.

«Мен азамат ретінде мүлде қолдамаймын», — деді министр.

Еске салып өтсек, «Қазақпыз ғой» YouTube-арнасында «жезөкшелерді қамшымен қуып жүрген» рэпердің видеосы жарияланды. Бейнежазбада Жан Ахмадиев қаланы аралап жүріп, жолдың шетінде тұрған жезөкшелермен сөйлеседі. Әңгіме барысында ол кенеттен қамшы алып шығып, қыздардың бірін сабай бастайды.

Дереккөз: ult.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.