21-02-19 |
2850 рет қаралған
Асқар Мамин премьер-министрдің міндетін атқарады.
Асқар Мамин премьер-министрдің міндетін атқарады

Асқар Мамин премьер-министрдің міндетін атқарады. Бұл туралы Ақорда сайты жариялады.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1.Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Асқар Ұзақбайұлы Маминге жүктелсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.

4.   Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – делінген Жарлықта.

Мамин бұған дейін Қазақстан Республикасының премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметінде болған. Сонымен қатар, ол «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның президенті.

Еске салсақ, президент Нұрсұлтан Назарбаев үкімет отставкаға кетуі тиіс деген мәлімдеме жасаған еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.