arasha.kz

АШМ: Құс тұмауының қарқыны басылды

Қазақстанның 4 облысында құс тұмауының қарқыны бәсеңдеді. Қазіргі уақытта өлген құстың жалпы саны 330 мыңды құрайды. Бұл жайында ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының м.а. Тұрсын Қабдолданов мәлімдеді. «Соңғы тәулікте құс өлімінің азайғаны байқалды. Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстары мен Шымкент қаласында мүлде тоқтады десе болады. Ал, СҚО, Павлодар және Қостанай облыстарында құс өлімі азайып келеді», – деді ол. Айта кету керек, құс тұмауы еліміздің 7 облысындағы 41 ауданның 99 елді мекенінде тіркелген болатын.

Exit mobile version