Біз
әлеуметтік
желіде
14-02-25 |
250 рет қаралған
Аштықтың салдары: қоғамның өзекті сынағы.
Аштықтың салдары: қоғамның өзекті сынағы

БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) әлемдегі әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған. Бұл мақсаттар 2030 жылға дейінгі жаһандық дамудың негізгі бағдарлары ретінде белгіленген. Олардың ішінде екінші мақсат – аштықты жою, бұл ең маңызды әрі күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Әлемде аштық мәселесі – адамзаттың ең өзекті және ауыр әлеуметтік-экономикалық проблемаларының бірі болып табылады.

Жер бетіндегі миллиондаған адам күнделікті азық-түлікке қол жеткізе алмай, негізгі қажеттіліктерін өтеуден айырылады. Кедейшілік пен жұмыссыздық деңгейінің жоғары болуы халықтың азық-түлікке қолжетімділігін төмендетеді. Экономикалық дағдарыстар мен инфляция азық-түлік бағасының өсуіне алып келеді. Қоғамдағы бай мен кедей арасындағы алшақтық, әлеуметтік әділетсіздік азық-түлікке қолжетімділікті шектейді. Ауыл шаруашылығына теріс әсер ететін климаттық апаттар – құрғақшылық, су тасқыны және дауылдар – өнімділікті төмендетеді, нәтижесінде аштықтың себебі болады.

Соғыс, қарулы қақтығыстар және саяси тұрақсыздық елдегі инфрақұрылымның бұзылуына, ауыл шаруашылығының тоқтап қалуына әкеліп, азық-түлік тапшылығына себеп болады. Аштықтың негізгі салдарына тоқталсақ. Аштық тек денсаулыққа ғана емес, жалпы қоғамның дамуына да кері әсерін тигізеді:

  1. Денсаулыққа зиян: Азық-түлік тапшылығы балалар мен ересектердің денсаулығына, иммундық жүйесіне айтарлықтай әсер етіп, созылмалы аурулардың пайда болуына әкеледі.

2) Білім беру саласы: Балалар азық-түлік тапшылығы салдарынан мектепке барудан бас тартып, білім алуда қиындықтарға тап болады, бұл олардың болашақ өміріне әсер етеді.

3) Әлеуметтік тұрақсыздық: Аштық пен кедейшілік әлеуметтік шиеленістер мен қақтығыстарды туындатады, бұл өз кезегінде қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіреді.

Елімізде аштықты жою және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында маңызды шаралар қабылдауда. Елдің ауыл шаруашылығы саласын дамыту, агроөнеркәсіптік кешенді қолдау және азық-түлік өндірісін арттыру арқылы халықтың азық-түлікке қолжетімділігін жақсарту көзделеді.Сонымен қатар, Қазақстан климаттық өзгерістерге бейімделу және тұрақты ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған халықаралық келісімдерге қатысып, жаһандық бастамаларға үлес қосуда.

Елдің ауыл шаруашылығындағы инновациялар мен жаңа технологиялар аштықты жою мақсаттарына жетуге мүмкіндік бермек. Аштықты жою – адамзаттың ең басты міндеттерінің бірі. Бұл мәселені шешу тек азық-түліктің қолжетімділігіне ғана емес, бүкіл әлемдегі адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатына тікелей әсер етеді. БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде аштықты жою бойынша қабылданып жатқан шаралар әлемдегі экономикалық, әлеуметтік, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды бөлігі.

Аштық мәселесі – күрделі және көпқырлы проблема, оны тек бір жақты шаралармен шешу мүмкін емес. Экономикалық, әлеуметтік және экологиялық факторларды ескере отырып, кешенді стратегиялар мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту арқылы ғана халықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады. Бұл мәселе адамгершілік пен әділеттіліктің басты сынағы болып табылады, сол себепті әрбір ел мен қоғам өз үлесін қосуы тиіс.

Темірболат Н.
әл-Фараби атындағыҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық

құқық, қылмыстық іс жүргізу және

криминалистика кафедрасының оқытушысы

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.