Қазіргі уақытта «Нұрлы жер» бойынша «7-20-25» қатысушыларына арналған пәтерлер тоғыз аймақ пен Шымкентте ғана бар. Бұл тізімде Астана мен Алматы жоқ. Бұл туралы «Баспана» Ипотекалық ұйымы» АҚ облыстық әкімдіктерге сілтеме жасап хабарлайды.
Аталған мемлекеттік бағдарлама бойынша үйлерді іске қосуға жоспарланған толық тізім («7-20-25» қатысушыларына) 2019 жылдың соңына дейін төмендегідей:
— Шымкент — 1 282 пәтерлер;
— Ақтөбе облысы — 605;
— СҚО — 411;
— БҚО — 396;
— Маңғыстау облысы — 370;
— Түркістан облысы — 336;
— Жамбыл облысы — 278;
— Қостанай облысы — 252;
— Қызылорда облысы — 120;
— Павлодар облысы — 71.
Ал баспана сату-сатып алу хабарландырулары жарияланатын Krisha.kz сайтының мәліметінше «Баспанада»аттары көрсетілмеген басқа облыстарда жоспар жыл соңына дейін өзгеруі мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, «Нұрлы жер» бойынша тұрғын үй бұрын әкімдіктер кезекте тұрғандар мен тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары арасында бөлінген болатын. Жыл басынан үміткерлер тізіміне «7-20-25″қатысушылары да кірді. Тізім жасап, тұрғын үй бөлу жергілікті әкімдіктердің құзіретінде.
-
17.11.2024
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024