11-02-19 |
1950 рет қаралған
Астанада бір отбасының 4 баласы иіс тиіп ауруханаға түсті.
Астанада бір отбасының 4 баласы иіс тиіп ауруханаға түсті

Астанада 9 ақпан күні Байқоңыр ауданындағы Ойыл көшесінде орналасқан екі қабатты жатақханада өрт шығып, бір отбасының 2006, 2009, 2012 және 2013 жылғы төрт баласы иіс тиіп ауруханаға түсті. Өртті сөндіру кезінде 10 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 1 бала құтқарылды.

Жалын 10 шаршы метрді шарпып, үйдегі заттар мен жиһаз отқа оранған. Өрт сөндірушілер жалынды 21:52-де ауыздықтап, сағат 22:16-да толық сөндірді.

Бастапқы болжамға сәйкес, өрттің шығуына электр сымдарының тұйықталуы себепші болған.

Өртті сөндіруге Астана ТЖД жеке құрамының 15 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, 4 ақпан күні түнде жеке үйдің ауласында орналасқан «времянкадан» өрт шығып, бір үйдің бес баласы қаза тапқан.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.