Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде ел президенті Нұрсұлтан Нзарбаев Астанада да Алматыдағыдай пәтерлерде тұратын адам санын шектен тыс асырмау керектігін айтты.
«Бұл мәселені Алматы қалай шешкені есіме түседі. Ол жақта мынандай шешім қабылдады: егер пәтерде әр адамға 15 шаршы метрден келсе, қосымша ешкімді тіркеуге тұрғызуға болмайды, тыйым салынған. Құрылыс және архитектура бақылау коммитеті де, полицияда жұмыс істеді. Әр үйге барып, болмайтынын түсіндірді. Неге Астанада бұлай істемеске? Тұрғындар жалға беріп, төлемақы алады, ал пәтерде адам толып кетеді», – деді Назарбаев, «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде.