arasha.kz

Астанада өрт шығып, 25 адам құтқарылды

Астана қаласының Есіл ауданы, «Камал-4» тұрғын үй кешенінде өрт шығып, 11 адамға медициналық көмек көрсетілді. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Өрт 22:46-да ауыздықталып, 22:58-де толықтай сөндірілді. Тұрғындардың бір бөлігі қауіпсіз жерге өздері шыққан. Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер 25 адамды, соның ішінде 10 баланы құтқарды» -делінген хабарламада.

Exit mobile version