Ресейдегі Кемероводағы оқиғадан кейін елдегі сауда орталықтарында тексеру жүргізіліп, үш айдың ішінде 1 240 сауда нысаны тексеріліп, оларда 15 мыңнан астам ереже бұзушылық анықталғанын Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов хабарлады.
Министрдің сөзінше, әкімшілік жауапкершілікке 1 220 адам тартылып, оларға 19 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынған. Елде тек 23 нысанда қауіпсіздік жағдайы лайықты деңгейде қамтамасыз етілгендігін айтқан Қ. Қасымов:
«Берілген нұсқаулар аясында 776 нысан бойынша кемшіліктер толықтай жойылды. Ал өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамаған 138 нысанға қатысты материал сотқа жолданды», – деді Қ. Қасымов.
Естеріңізге салсақ, биыл наурыз айында Ресейдің Кемерово қаласындағы сауда, ойын-сауық орталықтарының бірінде өрт шығып, соның салдарынан 60 адам қаза тапқан болатын. Мерт болғандардың көбі балалар еді.й
arasha.kz
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024