27-03-18 |
13690 рет қаралған
Атырау облысының әкімі Ноғаев Қасымбекке неге қарсы шықты?.
Атырау облысының әкімі Ноғаев Қасымбекке неге қарсы шықты?

27-наурыз күнгі үкімет отырысында мемлекеттік қала құрылысы кадастрының қызметі мен оны енгізу мәселелері де қаралды.

– Инженерлік инфрақұрылым мен жылжымайтын мүлік туралы деректерді цифрлау әлі де бастапқы сатыда тұр, – деді бұл жөнінде баяндама жасаған инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек. – Көп өңірлерде инженерлік-коммуникациялық туралы деректер әр түрлі форматта байланыссыз жүргізіледі. Әсіресе, аудандардағы елдімекендердің кадастры іс жүзінде әлі құрылмаған. Әкімдіктер ұсынған мәліметтер бойынша қала құрылысы кадастрының деректерін цифрландыру деңгейі бүкіл ел бойынша орташа есеппен 20 пайызды құрайды. Барлық елдімекендердің инженерлік желілері мен коммуникациялары бойынша Қызылорда облысы мен Астана қаласында 100 пайыз, Алматы қаласында таулы жерлерді қоспағанда 80 пайыз цифрландырылды… Осыған байланысты өңірлерде мемлекеттік қала құрылысы кадастры мекемесінің Ақтау, Атырау, Орал, Қарағанды, Өскемен, Тараз, Талдықорған, Алматы қалаларында филиалдарын аша отырып, инженерлік желілер мен құрылыстарды түгендеуді жылдамдату керек.

Бірақ, министр Ж. Қасымбектің бұл ұсынысына Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев қарсы шықты.

– Филиалдарды ашу тиімсіз деп есептейміз, – деді Нұрлан Ноғаев. – Ол тағы бір қосымша буын болады. Бұл біздің орталықпен қарым-қатынасымызды күрделендіреді. Себебі, бұл жұмысты облыстық архитектура басқармасы және қалалық архитектура бөлімдері оңтайлы, тиімді түрде атқарып отыр. Сондықтан бізге филиал ашудың қажеті жоқ деп есептеймін.

Ал, бұл мәселе бойынша ең үздік өңір атанған Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаев қала құрылысы кадастрын жүргізу мен өзектендіру жұмыстарын жергілікті атқарушы органдарға қайта жүктеу қажет екенін айтты.

Оралхан Дәуіт

Астана

Дереккөз: zhasalash.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.