arasha.kz

Атырауда облыс әкімінің бұрынғы орынбасары 5 млн теңге пара алған деп айыпталып, қамауға алынды

Фото:dknews.kz

Фото:dknews.kz

18 наурызда кеште Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің қызметкерлері Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле Сайлауованы ұстады. Ол уақытша ұстау абақтысына қамалды.

«АЖ» ақпараты бойынша, әкімдікте әлеуметтік блокқа жетекшілік еткен және екі ай бұрын өз қалауы бойынша отставкаға кеткен Сайлауова сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алды немесе талан-таражға салды (ҚР ҚК-нің 189-бабы) және пара алу (366-бап) бойынша күдіктелуде. Ол 5 млн теңге көлемінде пара алған деп айыпталып отыр.

Дәлірек айтсақ, бұрынғы шенеуніктің ұсталуы өткен жылдың аяғында Атырау облыстық білім басқармасының басшысы Қайырғали Кенжеғалиевке және оның орынбасары Роза Қабдоловаға қатысты пара алғаны үшін қозғалған қылмыстық іспен байланысты. Осы істің аясында жергілікті білім беру жүйесінен үш адам қамауға алынды: екі басшыдан бөлек тергеу абақтысына мектеп-интернаттардың бірінің бас есепшісі де қамалды. Н. Сайлауова жемқорлық жанжалындағы соңғы фигурант емес деп болжауға негіз бар. Біздің дереккөздеріміз бұл іске қаладағы 15 мектеп директоры да «ілігуі» мүмкін екенін айтады.

Дереккөз: azh.kz 

Exit mobile version