Жақында мессенджерлерде Атырау облысына, шамамен, Қарабатан кен орны аумағына бір топ қытай жұмысшыларының келгені жайлы бейнежазба тарады. Бейнежазбада олардың қай жерге әкелгені айтылмайды. Оны түсіріп тұрған жігіт пен арасында бейнесі көрініп қалатын екінші жігіттің олардың келгеніне наразы екені байқалады.
Бұл бейнежазбаға қатысты арнайы органдар тексеру жүргізген болатын. Анықталғаны, 22 қазан күні Атырауға Нұр-Сұлтан-Атырау №1385 чартерлік рейсімен «СNCEC» компаниясы филиалының 124 қытай жұмысшылары «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын «интеграцияланған газ-химия кешенінің 1-фазасы» жобасында жұмыс істеуге келген.
Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының комментарийіне сәйкес, жұмысшылар сол күні шамамен сағат 21-де «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «СNCEC» вахта қалашығына қоныстандырылды.
– Сонымен қатар, «СNCEC» компаниясы филиалының мердігер мекемесі – «Ликвидатор101» ЖШС-нің мамандары А.К. Рахымгалиев пен К.А. Рамазанов жағымсыз комментарий қалдыра отырып қытай жұмысшыларының келіп жатқанын бейнежазбаға түсіріп, кейін оны Whatsapp мессенджері арқылы таратқан.
Осы факт бойынша «СNCEC» филиалының қауіпсіз қызметі мен «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (жоба тапсырысшысы) қызметкерлері екі жігітпен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әңгіме барысында олар бейнежазбаны түсіргенде ешқандай пиғыл болмағанын түсіндірді.
Айтпақшы, қытай жұмысшылары шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотамен емес, жұмыс визасымен келген.
Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ
Бейнежазба әлеуметтік желіден
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024