
Орталық Сайлау Коммисиясы ҚР Президенттігіне кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін жариялады.
Ақпаратқа сенсек, кандидаттардың шығынын өтеу үшін әр кандидатқа 7 331 200 теңге бөлінеді екен.
««Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:
1) бағдарламаны теледидар арқылы баяндау – 5 250 000 (бес миллион екі жүз елу мың) теңге сомасында;
2) бағдарламаны радио арқылы баяндау – 200 000 (екі жүз мың) теңге сомасында;
3) мерзімді баспа немесе желілік басылымдарында жариялау – 810 000 (сегіз жүз он мың) теңге сомасында;
4) кандидаттардың сайлау алдындағы жария іс-шараларын өткізу – 200 000 (екі жүз мың) теңге сомасында;
5) үгіт материалдарын шығару – 400 000 (төрт жүз мың) теңге сомасында;
6) көліктік шығыстар – 471 200 ( төрт жүз жетпіс бір мың екі жүз) теңге сомасында.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Президенттігіне тіркелген кандидаттардың, жергілікті атқарушы органдардың және аумақтық сайлау комиссияларының назарына жеткізілсін», -деп хабарлайды ОСК ресми сайты арқылы.
Еске салсақ, Қазақстан Республикасының кезектен тыс президенттік сайлауы 9 маусымға белгіленген.
Президенттікке кандидаттар анықталып үлгерді. Олар Қасым-Жомарт Тоқаев, Әміржан Қосанов, Сәдібек Түгел, Жамбыл Ахметбеков, Амангелді Таспиықов, Дания Еспаева, Төлеутай Рахымбеков.
Бұға дейін қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау өткізуге жалпы саны 9 миллиард 400 миллион теңге бөлінетінін хабарлаған.
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025