15-01-19 |
2860 рет қаралған
«Қазақстандықтардың 64%-і интернетті смартфон арқылы пайдаланады».
«Қазақстандықтардың 64%-і интернетті смартфон арқылы пайдаланады»

Үкімет отырысында Ақпарат және Коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қазақстандықтардың көбі интернетке смартфон арқылы кіретінін айтты. 

«Қазақстандықтардың 64%-і смартфондары арқылы интернетті пайдаланады. Сондықтан да біз электронды үкіметтің mGov мобильді қосымшасын дамытуға ерекше назар аударып отырмыз. Бүгінгі таңда mGov арқылы 87 қызмет пен сервисті ғана пайдалануға мүмкіндік бар. Сол себепті министрлік мобильді және веб-версиялардың қатар дамуына көңіл бөлуде», – деді министр.

Д. Абаевтің сөзінше, mGov мобильді қосымшасын  бүгінде 1,3 млн адам пайдаланып отыр. Сонымен бірге министр Е-gov порталында қазіргі таңда 8,5 млн-нан астам тұтынушы тіркелген. 2018 жылы аталған портал арқылы 30 млн мемлекеттік қызмет көрсетілгенін де айтты. 

Министр Абаевтің берген мәліметтері бойынша, халық денсаулық сақтау саласы бойынша Е-gov порталының қызметіне жүгінеді екен.

«Былтыр медициналық ұйымға тіркелу мен дәрігер таңдау сияқты қызмет электронды форматқа енгізілді. 4 айдың ішінде бұл қызметті 70 мың адам пайдаланған екен. Ал өткен айдан бастап, наркологиялық, психологиялық және тубдиспансерлер анықтамасын портал арқылы алуға мүмкіндік пайда болды. Қазір қажетті құжаттарды үйден шықпай-ақ алуға болады», – деді министр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.