arasha.kz

Қазақстанның Бас прокуроры ауысты

Ғизат Нұрдәулетов ҚР Бас прокуроры болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды.

«Қайрат Пернешұлы Қожамжаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қызметінен босатылды»;

«Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалсын», деп хабарланған Ақорданың ресми сайты.

Еске салсақ, Ғизат  Нұрдәулетов ҚР Бас Прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарып келген.

Exit mobile version