18-01-19 |
2150 рет қаралған
Бүгін елімізде ҰБТ басталды.
Бүгін елімізде ҰБТ басталды

Бүгін елімізде ҰБТ-ның бірінші кезеңі басталды. Тестілеуге 35 838 адам өтініш беріпті.  Биылдан бастап, ҰБТ-ны жылына 4 рет (қаңтар, наурыз, маусым, тамыз) тапсыруға болады.

Алайда талапкер осы жолғы тестілеу арқылы білім грантын жеңіп ала алмайды. Ал білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін оқуға түсушілер маусым айында өтетін ҰБТ-ны тапсыруы қажет.

ҰБТ-ға қатысу құжаттары 2018 жылдың 1-15 желтоқсанында бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы қабылданған. Қазақ тілінде сынаққа қатысатындар саны – 25 615, орыс тілінде – 10 162, ал ағылшын тілінде – 61 талапкер бағын сынамақ. Бұл тестілеудің құны 2242 теңге тұрады. Сынақты тапсыру форматы бұрынғыша.

Биыл мектеп бітірушілер саны 150 мың шамасында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.