Бішкек қаласының басшысы соңғы үш аптада алтыншы рет ауысты. Қырғызстан астанасын енді Ыстықкөл облысының экс-губернаторы Балбақ Тулобаев басқарады. Осыған дейін мэр міндетін атқарған Нариман Төлеев қызметтен кететінін мәлімдеді.
«Жаңа ғана қала басшысының міндетін атқарушы Балбақ Тулобаевпен сөйлестім, бұл адамның Бішкек мэриясына келгені жақсы болды», – деп жазды Нариман Төлеев.
Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстандағы дүмпу кезінде Бішкекті 2 жыл басқарған Азиз Суракматов отставкаға кеткен еді. Шаһар билігі одан соң «халық мэрі» Жоошбек Коеналиевтің қолына өтті. 7 қазанда әкім тағы ауысып, одан кейін қаланы бірінші вице-мэр Алмаз Бакетаев басқарды.
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024