10-10-20 |
2200 рет қаралған
Бішкектің орталығы. 10 қазан. Фоторепортаж.
Бішкектің орталығы. 10 қазан. Фоторепортаж

Қырғызстандағы саяси дағдарыс әлі тұрақтала қойған жоқ. Дегенмен мемлекет басшысы Сооронбай Жээнбеков жағдайды біртіндеп өз бақылауына алған сыңайлы. Ол Бішкек қаласының аумағында 2020 жылдың 9 қазаны сағат 20.00-ден 2020 жылдың 21 қазаны сағат 08.00-ге дейін төтенше жағдай жариялады. Ішкі істер министрінің орынбасары Алмазбек Орозалиевті астананың коменданты етіп тағайындап, Бішкекте коменданттық сағат енгізді. Жарлыққа сәйкес, Қырғызстан Қарулы Күштері блокбекеттер орнатып, қаланың аумағына әскери техника кіргізді. Кеше Ала-Тоо алаңындағы болған қақтығыстан кейін көшелерде коммуналдық қызметтерден басқа ешкім көрінбейді. Назарларыңызға 24.kg ақпараттық агенттігінің фоторепортажын ұсынамыз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.