05-12-24 |
370 рет қаралған
Біздің спортшы – біздің мақтанышымыз!.
Біздің спортшы – біздің мақтанышымыз!

2024 жылдың 3 желтоқсанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының кезекті мәжілісінде ерекше оқиға орын алды.

Университетіміздің 90-жылдық мерейтойына орай ТДМ 3-тармағы Тұрақты даму мақсаттарының бірі – «Мықты денсаулық және әл-ауқат» аясында кафедраның 1 курс 106 топ эдвайзері, аға оқытушы С.Ш. Даубасова спортқа деген үлкен қызығушылығы мен таланты бар студентті – Тараз қаласының тумасы, 4 жасынан спортпен айналысып жүрген жас спортшы Мухум Расул Миятұлын ерекше құрметпен ортаға шақырды.

Мухум Расул Миятұлы – қазіргі таңда университетіміздің «6В04205 – Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенті және Дзюдо күресінен жоғары жетістіктерге жеткен спортшы. Ол 2024 жылдың 23-24 қараша айларында Грецияның Салоники қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы ДЗЮДО күресінен Еуропа кубогына қатысып, I орын — алтын медаль жеңіп алды.

Кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Р.Е. Джансараева сөз сөйлеп, Мухум Расул Миятұлының жетістіктерін атап өтіп, өзінің мақтанышын білдірді. Ол өз сөзінде: «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алып жүрген спортшыларымыздың басты мақсаты – елімізді әлемге таныту. Мухум Расулдың болашақта қазақ спортының деңгейін әлем сахнасында көрсететініне сенім білдіреміз», – деп спортшыларға өздерінің жетістіктері арқылы мемлекетіміздің абыройын арттыру жолында үлкен жауапкершілік артылғанын атап өтті.

Бұл оқиға университетіміздің студенттері мен оқытушылары  үшін үлкен мақтаныш болды. Мухум Расул Миятұлының жетістіктері тек спорт саласындағы табыстарымен шектелмей, ол жас ұрпаққа өз мақсатына жету үшін табандылық пен еңбекқорлықтың маңыздылығын дәлелдеп отыр. Оның жеңісі – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен еліміздің даңқын әлемге паш ететін тағы бір қадам болып табылады.

Сондықтан, кафедра ұжымы мен студенттері, спортшының алдағы уақыттағы жетістіктеріне үлкен үміт артып, оның тек спортта ғана емес, білім мен ғылым саласында да биік жетістіктерге жетуіне тілектеспіз. Мухум Расул Миятұлының жеңісі – қазақ спортының болашағына деген сенімді нығайта түседі және еліміздің атын әлемдік деңгейде танытуға үлес қосады!

1 курс 106 топ студенті Ұ. Имаматдин, топ эдвайзері С.Ш. Даубасова

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.