08-11-24 |
1220 рет қаралған
Балқаш көліне 13,5 текше шақырым су жіберілді.
Балқаш көліне 13,5 текше шақырым су жіберілді

Жыл басынан бері Балқаш көліне Іле өзені арқылы Қапшағай су қоймасынан 13,5 текше шақырым су жіберілді. Осының нәтижесінде көлдің орташа су деңгейі Балтық жүйесімен 341,60 м жетті.

Балқаш көлінің 70%-ға жуық суы трансшекаралық Іле өзені арқылы қалыптасады. Биыл Қытаймен шекара маңындағы Добын гидробекеті бойынша орташа су ағыны секундына 384 текше метр болды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 17%-ға артық.

Айта кету керек, Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендердің суын бөлу мәселесі бойынша үкіметаралық келісім жобасын әзірлеп жатыр. Келісім жасаудағы басты мақсат – Балқаш көлін қалыпты деңгейде сақтауға кепілдік беретін су көлемінің түсуін қамтамасыз ету болып табылады.

«Біз жыл басынан бері Қытай, Ресей және Орталық Азия мемлекеттерімен трансшекаралық өзендер бойынша 28 отырыс өткіздік. Келіссөздер нәтижесінде биыл Қапшағай су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 18 млрд текше метрден артық су жинап, 100%-ға толды», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.