arasha.kz

Bek air-дің қаржылық жағдайы қандай?

Бүгін Алматыда Bek air  компаниясы жақында болған ұшақ апатына байланысты баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Қойылған сұрақтардың ішінде компанияның қаржылық жағдайына қатысты да бірнеше сұрақ болды. Алайда компания өкілдері Bek air ешқандай қаржылық қиындық көріп отырған жоқ дегенді айтады.

-«Барлық салық төленеді, ешкімді жұмыстан шығармаймыз. Ешқандай қаржылық мәселе жоқ. Биыл екі әуе кемесін сатып алдық. Егер қаржылық проблема болса қалай техника сатып алар едік?» – дейді Bek air компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов.

Ал биыл компания қанша салық төлеп, қанша пайда тапты және шығын қанша болды деген сұраққа мекеме басшысы: -» Коммерциялық құпия»,- деп жауап берді.

Exit mobile version