arasha.kz

Беларуста 16 наразылық акциясы өтті

Беларусь еліндегі кезекті толқулар кезінде 280 адам ұсталды. Бұл жайында ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Ольга Чемоданова мәлімдеді. Ол өткен демалыс күндері Беларусьтің бірнеше аймағында 8 мыңдай адамның қатысуымен 16 наразылық акциясының өткізілгенін хабарлады. Минскіде шеруге шыққандардың саны 7 мыңды құраған.
«Кеше бұқаралық шаралар жөніндегі заңды бұзғаны үшін 280 адам ұсталды. Әкімшілік құқықты бұзған 237 адам сотқа дейін қамауда болады», – деді ведомство өкілі.
Ольга Чемоданова милиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткендерге арнайы құралдардың қолданылғанын да жоққа шығармады. Беларусь еліндегі қоғам белсенділерінің мәліметінше, наразылық шаралары кезінде 280 емес, 500-дей адам ұсталған.

Exit mobile version