11-02-19 |
1800 рет қаралған
Бельгияда «сары жилеттер» экс-премьердің үйіне шабуылдады.
Бельгияда «сары жилеттер» экс-премьердің үйіне шабуылдады

Бельгияда наразылыққа шыққандар елдің экс-премьер-министрі және Социалистік партияның жетекшісі Элио Ди Рупоның үйінің жанында бүлік шығарды.

 Бельгия полициясы Монс қаласында «сары жилеттердің» рұқсат етілмеген акциясында 38 адамды ұстаған, деп хабарлайды 10 ақпанда Le Soir.

Ақпарат көзінің айтуынша, Монстағы бүлікке айналған келісілмеген наразылық шарасына жүзге жуық адам қатысқан.

«Біздің қызметкерлеріміз бірнеше оқиғадан кейін 38 адамды әкімшілік қамауға алды. Олардың арасында Элио Ди Рупо үйінің пошта жәшігіндегі петардтан жасалған жарылыс бар. Жарылыс шығын әкелді «, – деп атап өтті жергілікті полиция бастығы.

Еске салсақ, Францияда 9 ақпан күні «сары жилеттердің» тағы бір наразылығы болған.  Парижде наразылық шарасына қатысқан бір азамат қатты жарақаттанып, қолынан айрылған еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.