Қазақстанның Әскери-әуе күштері тұрақты оқу тапсырмаларын орындаудан бөлек, гуманитарлық және бітімгерлік операцияларға белсенді қатысты.
Биылғы жылы Қазақстанның әскери авиациясы БҰҰ миссиясы шеңберінде бітімгерлік контингентті Голан жоталарына тасымалдауды қамтамасыз етті. Сондай-ақ, Ауғанстанға бірқатар гуманитарлық рейстер жүзеге асырылып, онда Қазақстан Үкіметінің делегациясына көмек жеткізілді.
Айта кету керек, әскери авиация апат аймағынан бірнеше мыңдаған адамды эвакуациялауды қоса алғанда, су тасқыны салдарын жоюға да белсенді пайдаланылды. Барлығы 27 наурыз бен 29 сәуір аралығында су тасқынына қарсы операцияларға 6 мыңнан астам әскери қызметші, 255 автокөлік техникасы, 12 тікұшақ, 5 әскери-көліктік ұшақ және 3 ұшқышсыз ұшу аппараты қатысты. 3475 жергілікті тұрғын эвакуацияланды, 1770 адам және 233 тоннадан астам жүк тасымалданды. Сонымен қатар, 2,1 миллионнан астам қап дайындалып, төселді.