25-02-19 |
2310 рет қаралған
Биылғы «Оскардың» жеңімпаздары анықталды.
Биылғы «Оскардың» жеңімпаздары анықталды

«Оскар» кинофестивалі биыл Лос-Анджелесте «Долби» театрында өтіп, 24 категория бойынша марапаттады. Оның ішінде америкалық киноакадемияның таңдауы бойынша, режиссер Питер Фарреллидің «Зеленая книга» кинолентасы «Жылдың үздік фильмі» деп танылды.

«Зеленая книга» –  американдық комедия өмірбаяндық драма. Картина белгілі джаз пианисті Дон Ширлидің және қарапайым жүргізуші Тони Валлонганың АҚШ-тың оңтүстігіндегі саяхатын баяндайды. Басты рөлдерді Вигго Мортенсен, Махершала Али мен Линда Карделлини ойнайды.

«Үздік актер» санатында «Богемский рапсодия» филімде басты рөл сомдаған Рами Малек жеңіске жетті. Киноакадемияның «Үздік актриса» номинациясын Оливия Колман «Фаворитка» фильміндегі рөлі үшін алды.

Ең үздік режиссер атағын Альфонсо Куарон жеңіп алды. Ол «Рома» өмірбаяндық драмасын, сондай-ақ бірнеше номинацияларды жеңіп алды.

«Оскара-2019» жеңімпаздарының тізімі төмендегідей:

Екінші пландағы үздік актер – Махершала Али, «Зеленая книга»

Екінші пландағы үздік актриса – Реджина Кинг: «Если Бил-стрит могла бы заговорить»

Үздік анимациялық фильм «Человек-паук. Через вселенные»

Үздік операторлық жұмыс – Альфонсо Куарон, «Рома»

Костюмдердің үздік дизайны – «Черная пантера»

Үздік деректі фильм – «Свободный подъем в одиночку»

Үздік қысқаметражды деректі фильм – «Точка. Конец предложения»

Үздік монтаж – Джон Оттман, «Богемская рапсодия»

Шет тіліндегі үздік фильм – «Рома» (Мексика)

Үздік грим мен шаш үлгісі – «Власть»

Үздік саундтрек – «Черная пантера»

Үздік ән – Shallow, «Звезда родилась»

Үздік қоюшы-суретшінің жұмысы – «Черная пантера»

Үздік қысқаметражды анимациялық фильм – «Бао»

Үздік қысқаметражды анимациялық деректі фильм – «Кожа»

Үздік дыбыс монтажы – «Богемская рапсодия»

Үздік дыбыс ақпараты – «Богемская рапсодия»

Үздік спецэффекті – «Человек на Луне»

Үздік адаптацияланған сценарий – «Черный клановец»

Үздік ерекше сценарий – «Зеленая книга».

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.