28-10-20 |
1570 рет қаралған
Борат болмаса биліктің мемлекеттік туға көзқарасы өзгермейтін бе еді?.
Борат болмаса биліктің мемлекеттік туға көзқарасы өзгермейтін бе еді?

Атышулы «Борат-2» фильмінің шығуы халықтың да, биліктің де мемлекеттік рәміздерге деген көзқарасын түбегейлі өзгерткендей. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көк байрақты кеңінен қолдану туралы ұсынысты қолдайтынын айтты.
«Парламенттің бірқатар депутаттары мен патриот азаматтардың еліміздің мемлекеттік рәміздерін, атап айтқанда, ҚР мемлекеттік туын кеңінен қолдану туралы ұсынысын қолдаймын. Қолданыстағы заңнамада туымызды пайдалануға қатысты шектеулер бар. Мысалы, пәтерлердің балконына немесе үйлердің қабырғасына ту ілуге тыйым салынған. Заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет», – деп жазды мемелекет басшысы Twitter-де.
Қашан болса да өз қатесінен сабақ алып шешім қабылдайтын Қазақстанда бұған таңғалуға болмас. Естеріңізде болса, 2012 жылы көлігіне Қазақстан туын байлап жүрген Атырау қаласының тұрғынына 323 600 теңге айыппұл салынған еді. Ал, 2015 жылы көк байрағымызды балконына ілген елордалық тұрғын 400 мың теңге айыппұлмен жазаланды. Патриот жігіт мұның ешқандай ағаттығы жоқ екенін, туды Геннадий Головкиннің кезекті жеңісінен кейін ілгенін айтқан. Сонда «Борат» болмаса биліктің мемлекеттік туға көзқарасы өзгермейтін бе еді? Қоғамға құлақ аспаған билікті «Борат» ойландырды ма? Бұл мәселеге қатысты қоғам қайраткері, саясаттанушы Мұхтар Тайжан былай дейді: «Құптарлық шешім! Бұл бұрыс норма жайлы талай рет айтқанбыз да, жазғанбыз да. Енді тиісті заң жылдам қабылданса екен! Ұлттық рәміздер, оның ішінде Байрағымыз – биліктің меншігі емес, ол халықтың құндылығы. ҚР байрағын құрметпен үйлердің баспаналарына іліп қою – халықтың сөзсіз құқығы бар болуы керек!»

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.