«АҚШ қазаннан бастап өз азаматтарына COVID-19 қарсы жаппай вакцинация жасайды. 2020 жылдың аяғына дейін оның 100 миллион екпесі дайын болады», – деді ақ үй басшысы Дональд Трамп баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, азық-түлік пен медициналық препараттарды санитарлық бақылау жөніндегі басқарма мақұлдайтын болса, мемлекет вакцинаны дереу өндіруге кіріседі. АҚШ басшылығы оны ел аймақтарына жеткізудің жоспарын да әзірлеп қойыпты. Сөз арасында Дональд Трамп бұл мерзімнің қараша немесе желтоқсан айларына шегерілуі мүмкін екендігін де жоққа шығармады.
Ал, елдің денсаулық сақтау саласындағы шенеуніктерінің пікірі бұған кереғар. «Америка халқына вакцина қашан қолжетімді болатынын айтайын, біз 2021 жылдың екінші немесе үшінші тоқсаны деп тұспалдап отырмыз», – деді Сенаттағы жиында аурулардың алдын алу мен бақылау жөніндегі орталықтың директоры Роберт Редфилд. Ал, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтер министрлігінің өкілі Пол Манго вакцинацияның бұдан ертерек болатынын айтты. Оның мәлімдеуінше, 2021 жылдың бірінші тоқсанында американың әрбір азаматына COVID-19 қарсы екпе салынады.
Коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеуге биыл АҚШ Конгресі 10 млрд. доллар қаражат бөлген. Қазір елдің зерттеу орталықтарында 30 мың адамның қатысуымен сынақтың соңғы кезеңі өтіп жатыр.
-
17.11.2024
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024