11-11-20 |
1720 рет қаралған
COVID-19: Ресей вакцинасы дәрігерлерге де дәрмен болмады.
COVID-19: Ресей вакцинасы дәрігерлерге де дәрмен болмады

Ресей Федерациясының Алтай өлкесінде COVID-19 қарсы «Спутник V» екпесін салдырған 3 медицина қызметкері коронавирус жұқтырды. Ресей денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, вакцина қос компонентті болып саналады. Яғни, алғашқы екпеден кейін пациентке вакцинаның екінші бөлігі салынуы тиіс.
«Вакцинациядан өткен адамның бойында коронавирусқа қарсы антиденелер үш аптадан кейін, яғни екінші екпеден кейін пайда болады. Бұл уақыттың аралығында иммунитеттің түзілу процесі жүреді. Сырқаттанып қалған медицина қызметкерлері COVID-19 жұқтырғанға дейін иммунитет қалыптастырып үлгермеген» – дейді ведомство өкілдері.
Естеріңізге сала кетейік, тамыз айының соңында Қазақстан «Спутник V» вакцинасын сатып алу жөнінде Ресеймен келіссөз жүргізіп қойған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.