21-02-19 |
1820 рет қаралған
Даниал Ахметов ШҚО-да 81% халық мемлекеттік тілді біледі деген дерекке күмән келтірді.
Даниал Ахметов ШҚО-да 81% халық мемлекеттік тілді біледі деген дерекке күмән келтірді

Даниял Ахметов ШҚО-да 81% халық мемлекеттік тілді біледі деген ШҚО Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдын Шаймрдановтың дерегіне күмән келтірді.

Тілдерді дамыту және функциялау бойынша облыс әкімдігінде есеп берген басқарма басшысының деректері бойынша, облыстың сегіз елдімекенінде қазақ тілін жүз пайызға біледі екен, ал облыс бойынша 81% мемлекеттік тілді меңгерсе, 5% ағылшын тілін жетік біледі, үш тілде еркін сөйлейтіндер саны – 4%.

Алайда облыс әкімі Даниал Ахметов бұл деректерге күмән келтірді:

«Бұл қайдан шыққан көрсеткіш? 81% – қайда бұл адамдар? Әзірге тілдерді үйретудің төмен көрсеткішін ғана көріп отырмын. Үш тілділікті енгізе бастағанымызға үш жыл болды. Кеймбридж университетінің әдісін енгіздік. Елде алғашқы болып оқулықтар енгіздік, бірақ сапа жоқ. Басқарма бастығы ретінде алдымен сіздің өзіңізге бұл бағдарламамен танысу керек. Сондай-ақ, білім басқармасымен тығыз байланыста болу керек,» -деді Д. Ахметов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.