«Nur Otan» партиясы мәжіліске баратын 76 кандидаттың тізімін бекітті. Депутаттар қатарында Дариға Назарбаева, Айдос Сырым бар, деп хабарлайды arasha.kz.
Бұл туралы партияның ресми сайтында жарияланды.
«Nur Otan» партиясы 76 кандидаттан тұратын тізімді бекітіп, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолдады.
Партия мәліметінше, мәжілістегі «Nur Otan» партиясы жракциясының құрамы 70%-ке жаңарды. Депутаттардың орташа жасы – 49.
Қорытынды партиялық тізім теңдестірілген. Яғни тізімдегі 36 кандидат – праймериз жеңімпаздары, 40 кандидат Саяси кеңес Бюросының квотасы бойынша бекітілген. Бұл аймақтық өкілдікті сайлаушылар санына сәйкес пропорционалды түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Партия Төрағасының Парламент Мәжілісіндегі жастар мен әйелдердің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасы нақты іске асырылды. Яғни, «Nur Otan» Фракциясының жаңа құрамының 40%-ті әйелдер мен 35 жасқа дейінгі жастардан тұрады.