12-01-22 |
740 рет қаралған
Дариға Назарбаева Қазақстанда – депутаттың көмекшісі.
Дариға Назарбаева Қазақстанда – депутаттың көмекшісі

Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева Қазақстанда. Бұл туралы депутаттың көмекшісі Жанна Ермекова хабарлады деген ақпарат телеграм каналдардың бірінде шықты.

«Депутат ПЦР тест теріс нәтиже көрсеткен соң, оқшауланған. Ол Қазақстанда», – деп хабарлаған Жанна Ермекова.

Сондай-ақ ресейлік «РИА новости» агенттігі де Дариға Назарбаеваның «Ол отырысқа қатыспаған өзге де әріптестері секілді денсаулығына байланысты демалыста» деген ақпарат таратты.

Бұған дейін Дариға Назарбаеваның 5 қаңтарда болған мәжіліс отырысына қатыспағаны туралы БАҚ та жазылған еді. Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс депутаттарына жаңа премьер-министрді таныстырып, өзінің кезекті үндеуін жолдаған болатын. Депутат Назарбаева ол отырысқа да қатысқан жоқ.

Мәжілістің жетінші шақырылымында Дариға Назарбаева Nur Otan партиясының тізімі бойынша депутаттық мандатқа ие болды. Ол экономикалық реформа және аймақтық даму комитетінің құрамына кіреді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.